Қорғаныс министрлігі дүрлікпеуді ескертті: ел аумағында жауынгерлік техника тасымалданады

Әскерлерді даярлау жоспары шеңберінде Қарулы күштерде жауынгерлік даярлық сабақтары өткізіледі.

«Бөлімшелер практикалық оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау үшін жауынгерлік техникамен марш жасап, теміржол көлігімен еліміздің әр өңіріндегі полигондарға жеткізіледі», — делінген ресми хабарламада.