Ойлы оқырман олжасы
Дүние есігін ашқанына ғасыр толған өлкетанушы, музейтану саласындағы салмақты істерімен ел есінде қалған біртуар тұлға Сүтемген БҮКІРОВТІҢ авторлығымен жарық көрген «Жезқазғаным менің» жинағы оқырман қолына тиді. Бұл – Ұлытау-Жезқазған өңірінің қазыналы шежіресін тірнектеп жинап, келер ұрпаққа көзінің қарашығындай сақтаған, елге белгілі өлкетанушы Сүтемген Тақабайұлының баспаға дайындап, белгісіз себептермен жарық көрмеген еңбектерінің бірі.
«Жезқазғаным менің» атты тарихи деректер негізінде жазылған очерктер жинағына Жезқазған-Ұлытау өңірі тарихының аз зерттелген мәселелері, ел қайраткерлерінің тарихи бейнесіне арналған ғылыми-танымдық очерктері енгізілді. Барлық дерлік мақалалар құнды және маңызды тарихи материалдар негізінде жазылған…» делінген кітап аннотациясында.
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қаржылай қолдауымен, «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің тапсырысы бойынша Елордадағы «Кәусар» баспасында басылып шыққан тың туынды туралы ойлы оқырманның олжасы деп тұжырым жасауға толыққанды негіз бар.
Тәслима ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ