Облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясы өтті
Сессия жұмысына Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары, қалалар мен аудандардың басшылары, облыстық басқармалар мен ведомстволардың басшылары, жұртшылық пен БАҚ өкілдері қатысты. Сессияны облыстық мәслихат төрағасы Б.Шыңғысов ашты.
Халық қалаулылары 7 мәселені қарастырды. Олардың қатарында – Ұлытау облыстық мәслихатының «Ұлытау облыстық мәслихатының хатшысын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және «Ұлытау облыстық мәслихатының аппараты» ММ ережесін бекіту.
Сонымен қатар, депутаттар Ұлытау облысының аудандық сайлау комиссияларының құрамын қалыптастырды. Бұл тақырыпта облыстық мәслихаттың уақытша комиссиясының төрағасы, Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты Е.Әбікенов баяндама жасады.
Сондай-ақ, сессияда Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшелері лауазымына А.Байжанов пен Е.Алғожин тағайындалды. Депутаттық корпус пен жұртшылыққа оларды Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Т.Жарылғасов таныстырды. Б.Шыңғысов әріптестеріне жаңа лауазымдарда табыс тіледі.