Облыстық әкімдікте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті
Ұлытау облысы әкімі аппаратының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс бөлімі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
Семинарға құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ұлытау облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы, Ұлытау облысының әкімі аппаратының басшылығы, қалалар мен аудандардың әкімдіктері, облыстық басқарманың өкілдері қатысты.
Семинар барысында «Е-өтініш» АЖ-да Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі бойынша өтініштермен жұмыс тиімділігі туралы ақпарат ұсынылды. Жиналғандар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.