Облыс әкімінің орынбасары – Ұлытауда
Облыс әкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов жұмыс бабындағы сапармен Ұлытауда болып, өңірдің даму тынысын бағамдады. Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары аудан әкімі Советбек Медебаевпен бірге аудан орталығындағы мәдени орындарды аралады.
Алдымен облыс әкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов пен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов аудандық мәдениет үйінде жергілікті өнерпаздармен кездесті. Бұдан кейін өңірде туризм саласын дамыту мақсатында салынған «Ұлытау» сапар орталығын барып көрді. Мұнда «Ұлытау» ұлттық тарихимәдени және табиғи музейқорығы директорының орынбасары Аман-Серік Есенғали жаңа ғимарат ішін аралатып, алдағы күндері атқарылатын жұмыстарымен таныстырды.
Облыс әкімі орынбасарының жұмыс сапары осы Сапар орталығында түйінделді.
Өз тілшімізден.