Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұлытау ауданына жұмыс сапарымен келді
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А. Бәрекенов пен ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы К. Мутаев,сонымен қоса «Мулаков А.» ШҚ басшысы А.Мулаков Ұлытау ауданына жұмыс сапары барысында «Б.Айтуғанов», «Сұңғат», «О.Өмірбеков» және «Бекетай Баба» шаруа қожалықтарының қызметімен танысты. Бұл шаруашылықтар ауыл шаруашылығы дақылдарын (бидай және арпа) өсірумен айналысады.
Анықтама:
«Бекетай Баба» ШҚ — 5,5 мың га егіс алқабы;
«Б.Айтуғанов» ШҚ — 1,5 мың га егіс алқабы;
«Сұңғат» ШҚ — 1,3 мың га егіс алқабы;
«О.Өмірбеков» ШҚ — 1,8 мың га егіс алқабы бар.
Кездесу барысында фермерлер бірқатар проблемаларды атап өтті:
— жақсы автомобиль жолдарының болмауы;
— жылқылардың дақылдарға айтарлықтай зиян келтіруі;
— өңірде қаржы институттарының болмауы;
— элеватордың болмауы.
Аталған проблемалар назарға алынды және алдағы уақытта оларды шешуге жәрдем көрсетілетін болады.
Кездесу барысында фермерлер Жезқазған қаласында АӨК саласындағы қаржылық даму институттарын ашу мерзімдері, мал жаю ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыстардың басталуы, 2023 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарына бюджет қаражатын бөлуге жәрдем көрсету туралы хабардар болды. Сондай-ақ, элеватор құру және өсімдік шаруашылығы бойынша жобаларды сүйемелдеу және кеңес беру үшін білікті агрономдарды тарту мәселесі пысықталады.