Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Бәрекенов мал шаруашылығы жөніндегі республикалық палаталар өкілдерімен кездесті

2022 жылғы 6 — 7 қазанда Ұлытау облысының фермерлеріне арналған етті мал шаруашылығы жөніндегі республикалық палаталардың (Ақбас, Ангус, Әулиекөл, Герефорд және Қалмақ тұқымдары), сондай-ақ «Ұлытау» Әлеуметтік — кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ және «АӨК экономикалық талдау орталығы» ЖШС IT — мамандарының қатысуымен семинар — консультация өтеді.
✅ Семинардың мақсаты — Ұлытау облысында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдаудың түрлері, шарттары, АӨК — те несие беру, инвестициялық жобалар, сондай-ақ субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтерді түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
✅ Бүгін, 6 қазанда семинар қарсаңында Ұлытау облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Бәрекенов, Ұлытау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы К.Мутаев республикалық палаталардың өкілдерімен кездесті.
✅ Кездесу барысында А.Бәрекеновке Палатаның өңірдегі фермерлермен ынтымақтастығы бойынша қызметі мен жоспарлары туралы баяндалды. Сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын одан әрі дамыту және шаруашылық басшыларын асыл тұқымды мал санын ұлғайту перспективалары туралы хабардар ету мәселелері қозғалды.
✅ Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары осы бағыттағы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысына бірқатар тапсырмалар беріп, семинарға қатысушыларға жемісті жұмыс тіледі.