Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Бәрекенов Ұлытау ауданының Мибұлақ ауылына жұмыс сапарымен барды
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Бәрекенов, «Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы Қ.Мұтаев және АӨК-нің экономикалық талдау және инвестицияларды тарту бөлімінің басшысы Е.Нұрбеков Ұлытау ауданының Мибұлақ ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды.




— малдың өлімі, атап айтқанда ірі қара мал;
— ветеринарлық қызметтің сапасыз жұмысы;
— АӨК мен ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша өзекті ақпараттың жоқтығы;
— аймақта қаржы институттарының жетіспеушілігі;
— Мибұлақ ауылдық округінде интернет пен сапалы ұялы байланыстың жоқтығы;
— медициналық қызметкерлердің, электриктердің жетіспеушілігі.

— АКК филиалы қазан айында ашылады;
— озық шаруа қожалықтарының жетекшілерін мемлекеттік/үкімет наградаларымен марапаттау мәселесі пысықталады;
— Мибұлақ ауылдық округінде интернетке қосылу жұмыстары бойынша «Дара Холдинг» ЖШС басшылығымен кездесу өткізіледі;
— ауылдық округті медициналық және техникалық қызметкерлермен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі;
— ветеринарлық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту бойынша тиісті жұмыс атқарылады;
— жемшөптерді уақтылы дайындау және оларға бағаның өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізіледі;
— көпжылдық шөптердің (жоңышқа, беде, бидай шөптері және т. б.) егіс алқаптарын ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізіледі.