Облыс әкімі Жезқазған қаласындағы құрылыс алаңдарының ахуалымен танысты
Берік Әбдіғалиұлы облыс орталығының құрылыс алаңдарын, жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтарын аралап көрді. Нысандарды облыс әкімімен бірге Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаров, қала әкімінің орынбасарлары, тиісті бөлімдердің және мердігер ұйымдардың басшылары мен өкілдері аралады.
Батыс тұрғын ауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы бір жалдамалы (90 пәтер), екі кредиттік (60 пәтер) көпқабатты үйлерді пайдалануға беру жоспарлануда. Жыл соңына дейін кезекте тұрған жезқазғандықтарға 150 пәтер берілетін болады. Объектілердің мердігерлері — «Астана Көктем С» ЖШС, «Самға» ЖШС. Ал екінші объектіде — «Алматыинжстрой» АҚ инвестициялық бағдарлама негізінде Сейфуллин көшесіндегі жылу желілерін қайта жаңартуды бастап кеткен.
Сондай-ақ, Шевченко көшесінде облыс басшысы бұзылған апатты және ескі үйлердің орнына жаңа үйлер тұрғызып жатқан құрылыс ұйымдарының басшыларымен кездесті. Мұндағы тапсырыс беруші – «INTERMAKETIG» ЖШС, мердігер — «Сарыарқа» ЖШС. Берік Әбдіғалиұлына Қаражар, Иманжан, Мұқанов көшелеріндегі жөндеу жұмыстарының барысы таныстырылды. Мұнда «АлмасҚұрылыс»ЖШС жұмыс істеуде. Бүгінгі күні құрылысы үлкен мәселеге айналған дене шынықтыру — сауықтыру кешені де назардан тыс қалмады.
Бұл Берік Әбдіғалиұлының Ұлытау облысы әкімі лауазымындағы алғашқы жұмыс аптасы басталар алдындағы облыс орталығына жасаған алғашқы шолуы болды.
«Бірінші жезқазғандық» фейсбук парақшасынан