Облыс әкімі желтоқсаншылармен кездесті
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы «Нағыз желтоқсан» қоғамдық қорының Президенті Құрманғазы Рахметовты, Қарағанды облысының «Желтоқсан» ҚБ төрағасы Абай Әбдірахманды, Ұлытау ауданының «Құрметті азаматы», желтоқсаншы Дүйсенбек Байболовты, Жезқазған қаласының желтоқсаншысы Айткүл Махметованы қабылдады.
Тәуелсіздіктің батырлары аймақ басшысымен кездесу барысында пікір алмасып, желтоқсаншыларды қолдау бойынша ойларын ортаға салды. Облыс басшысы желтоқсаншылардың әрқашанда ел құрметіне ие болып, әлеуметтік қолдаулар жасалуына ерекше назар аударатындығын жеткізді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.