Облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлының төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті
Күн тәртібінде 2022-2023 жж. жылыту маусымына дайындық барысы қаралды.
Кезекті аппарат отырысында Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы
А. Жандарбеков баяндама жасады.
Оның айтуынша, облыстың энергетикалық және коммуналдық кәсіпорындары жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын аяқтауда. Ол бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Сонымен қоса «Жезқазған жылу энергия орталығының» директоры М.Алтыбаев Жезқазған жылу энергия орталығының дайындығы, орталықтың қазандығында жүріп жатқан жаңғырту жұмыстары туралы есеп берді.
Өз кезегінде «Қазақмыс дистрибьюшн» ЖШС директоры Н.Сағындықов сөз алып, аталған мекемеге қарасты Сәтпаев қаласының Жылу орталығы, Жезқазған қаласының жылу, сумен қамтамасыз ету мекемесі және Жезқазған өңірлік электр тарату мекемесінің дайындықтары туралы баяндады.
Облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлы таяуда ғана Жезқазған қаласы 2 мәрте сусыз, тоқсыз қалғанын еске салып, оған алдағы уақытта жол бермеу керектігін қатаң ескертті. Қысқы маусымға дайындықты күшейтуді талап етіп, Жезқазған, Сәтбаев,Қаражал қалалары мен Жәйрем кенті,Жаңаарқа,Ұлытау аудандарының әкімдеріне тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды қажетті көмірмен қамтамасыз ету, модульді қазандықтың құрылысына қатысты нақты тапсырмалар берді.