Облыс әкімі Қаракеңгір ауылына барды

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау ауданына қарасты Қаракеңгір ауылында жұмыс сапарымен болды.

Өңір басшысы алдымен «Ұлытау-Бозтұмсық-Малшыбай-Сәтбаев» 40-55 шқ (15 шқ) автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Жөндеу жұмысы үшін биыл 925 млн. теңгеге 2023-2024 жылдар аралығына келісімшарты жасалды. Қазіргі таңда Бозтұмсық-Алғабас жолының 15 шақырымын жөндеу жұмыстары басталған.

«Ұлытау-Бозтұмсық-Малшыбай-Сәтбаев» 40-55 шқ жолын орташа жөндеу, қайта қаптау әдісімен қалыңдығы 7 см суық асфальтбетон қоспасынан жасалған асфальт жабынын төсеу және жол жиектерін нығайту жұмыстары жұмыс кестесіне сәйкес 5 мамырда бастап 30 қыркүйекте дейін аяқтау жоспарлануда.

Қазіргі таңда, мердігер тарапынан қажетті инертті материалдарды дайындау және автогрейдермен топырақтын үстінгі қабатын кесу тегістеу жұмыстары жүргізілуде.

Берік Әбдіғалиұлы келесі кезекте Қаракеңгір ауылындағы фельшерлік-акушерлік пункттің құрылысын бақылады. Денсаулық сақтау саласы бойынша облыстық бюджеттен Фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысын салуға – 128 млн. 090 мың теңге бөлінген. Құрылыс жұмысы 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап жүргізілуде. Биыл құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, қолданысқа беру жоспарлануда. Облыс әкімі ФАП-тың құрылысын белгіленген уақытта сапалы аяқтауды, елдімекенге жас мамандарды тарту жұмыстарын жалғастыруды, нысанды техникалық тексерістен өткізу маңызды екенін тапсырды.

Облыс әкімінің жұмыс сапары ауылы тұрғындарымен кездесумен жалғасты. Жиында өңір басшысы қаракеңгірліктердің ауылшаруашылығын дамытуға қатысты, әлеуметтік көмектер мен қайтарымсыз грант қаражаттары, бөлінетін субсидиялар жайындағы сауалдарына жауап берді.

Кездесуден кейін облыс әкімі елдімекен тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады.