Облыс басшысы Жезқазғандағы әлеуметтік-медициналық нысандарды аралады

Аймақ басшысы алдымен «Аялы алақан» орталығына барды. Орталық ерекше қажеттілігі бар балаларды күндізгі уақытта оңалтумен айналысады. Қазіргі таңда 27 бала келіп жүрген орталық мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қызмет етеді. Өңір басшысы орталық айналасын абаттандыру, қаржыландыру мәселелеріне қатысты ұсыныстар әзірлеу жөнінде тапсырма берді.
Берік Әбдіғалиұлы барған келесі нысан – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы. Жобалық қуаты 241 адамды құрайтын орталықта бүгінде 217 қария жатыр. Өңір басшысы облыстың бөлінуін ескере отырып орталықтың алдағы уақыттағы перспективалары жөнінде жан-жақты зерттеу жүргізуді тапсырды.
«Аура Мед» нейрооңалту орталығының жұмысымен танысқан Берік Әбдіғалиұлы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында орталықтың қызмет ауқымын кеңейту мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.