Қоғамдық кеселге – тосқауыл

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде жалғасып келеді. Ол ауқымдылығымен ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үрдісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарату процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы еліміздің барлық жеке және заңды тұлғаларына қатысты қолданылады.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа жол бергені үшін қызметтен қуылған адамдарға, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда кез келген лауазымда болуға өмір бойы тыйым салынған. Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық дерегі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдескен адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылатынын және құқық қорғау органдарының немесе соттың сұратуы бойынша заңда белгіленген тәртіппен ғана табыс етілетінін әрбір адам білуі қажет. Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық орын алған жағдайды хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдескен адам мемлекеттің қорғауында болады.

Жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру кез-келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие.

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар, жеке сектордың басшылары өз қызмет бабын жеке басының баюы, басқа адамдардың мүддесі үшін пайдаланғанда қоғамды да, мемлекетті де бұзатын әлеуметтік құбылыс.

Бұл кесел барлық мемлекеттерде тамырын тереңге жіберген. Сондықтан онымен күресу, тоқтаусыз, барынша қатал әрі нәтижелі түрде жүргізілуі тиіс. Жемқорлықпен күрес кез келген қоғам үшін әрқашан өзекті әрі ғаламдық мәселе болып отыр. Ал, онымен күрестің тиімділігін арттыру кез-келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді дамып келе жатқан және бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп отырған біздің еліміз үшін өте маңызды.

Қорыта айтқанда, жемқорлықпен күресу жолдарын және оның алдын-алу мәселелері бойынша нақты бір шешім қабылдап, елу елдің қатарына енуді және өзге мемлекеттерге үлгі болатын ел болуды мақсат етіп, сол үшін аянбай еңбек еткеніміз жөн.

Басқармада 2-14-64 сенім телефоны жұмыс істейді.

Әсия ӘБІЛДИНА,

Ұлытау аудандық

Қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары.