Қоғамдағы мемлекеттік қызметшілер этикасы

Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады. Қоғам, мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды.

Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Елбасының саясатын жақтап ерекше сенім білдіріп, тапсырған жауапкершілікті жүзеге асыруға тиіс. Қоғам мемлекеттік қызметші кәсіби қызметіне өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін, адамдармен қарым-қатынас жасай отырып белгіленген этика ережелерін сақтап жүзеге асырады.

Этика дегеніміз – әдет-ғұрып адамгершілік әртүрлі қоғамдық құбылыстардағы сан алуан түрі мен нормалары туралы ілім жүйесі. Этика дегеніміз – тәртіпті сақтау ережелері.

Этиканы сақтау өмірдің әр саласында әртүрлі. Этиканы қызмет бабында сақтау өте маңызды мәнге ие болып табылады, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің этикасына басты назар аудартады. Мемлекеттік қызметкер әртүрлі қоғам мүшелерінің өкілдерімен жұмыс істейтіндіктен аса үлкен дайындықпен қызмет атқару тиіс. Қызмет орнында өзін-өзі ұстай білу, сыртқы бейнесі мен киім үлгісі тәртіпке сай болуын қадағалау, қимыл-әрекеттерін әңгіме кезінде қолдана білу, анық әрі түсінікті жүйелі түрде сөйлей білу сияқты барлығы қызметкердің кәсіби этикалық құндылықтарына, жалпы қабылданған этика жүйелеріне жатады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 29 желтоқсандағы №153 «ҚР мемлекеттік әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы қабылданып. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) бекітілді. Бұл Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметте және күнделікті өмірде жүріс-тұрыстарының стандарттарын бекітті. Соның негізінде енді мемлекеттік органдарда этика бойынша арнайы уәкілдер белгілі жұмыстар атқарады. Әдеп кодексінің жаңа реакциясына сәйкес Әдеп жөнінде уәкіл енгізілген. Әдеп жөніндегі уәкіл сондай-ақ, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғау және қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылданады.

Мемлекеттік қызметшілердің парасаты, ар-ожданы және кәсіби біліктілігі еліміздің ертеңі мен бүгініне байланысты.

Ж.ЖОЛДАСОВА,

Жезқазған қаласының ауданаралық

Әділет басқармасының бас маманы.