Қоғам белсенділерін қабылдады
Бұқараның талап-тілегі мен сұраныстарын зерделеу, көңіл күйін бағамдау – әкімдік аппараты мен өзге де мемлекеттік құрылымдар басшыларының күнделікті қызмет міндетіне енетін қажеттілік. Осынау маңызды талапқа айрықша көңіл бөлетін аудан әкімі Советбек МЕДЕБАЕВ аудан орталығындағы қоғам белсенділерін арнайы қабылдап, ой-пікірлеріне құлақ түрді.
Аудан басшысы өзінің кіріспе сөзінде аз ғана мерзімде атқарылған және атқарылуы жоспарда тұрған жұмыстар туралы мәліметтерді жан-жақты әрі сараптамалық сипатта алға тартты. Қабылдауға келгендерді бүкпесіз ашық әңгімеге шақырып, олардың ұсыныстары мен тілектеріне құлақ түрді.
Басқосуда аудандық коммуналдық шаруашылық кәсіпорыны басшылық құрамының өкілі электрмен жабдықтау, ауызсудың жеткізілу сапасы және басқа да түйткілді мәселелерге қатысты түсініктеме берді.
Жиын түйінінде аудан әкімі мен қоғам белсенділері тұрақты ақпарат алмасып тұру жайлы ортақ мәмілеге келді.
Өз тілшімізден.