«Nur Otan» – нақты істер партиясы
«Nur Otan» партиясының үгіт-насихат шарасы аясында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Аманжол МЫРЗАБЕКОВ аудан тұрғындарымен онлайн кездесу өткізді.
Үміткер алдымен «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырып, одан кейін осы бағдарлама аясында аудан көлемінде атқарылатын жұмыстарға ойысты.
Партияның бес жылға жоспарланған бағдарламасында экономикалық-әлеуметтік мәселелер бағытында және денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт салалары бойынша бірнеше бағыттар көзделгенін жеткізді. Сөз арасында, өзінің 2006 жылдан бастап, «Nur Otan» партиясы қатарында екенін айтып, бұл партия адам өмірі мен денсаулығына жағдай жасауға демеу болған партия екенін дәйекті деректер арқылы айтып берді. Мәселен, биылғы қауіпті індет коронавирус пандемиясы кезінде партия төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Біз біргеміз!» акциясы аясында аудандық «Nur Otan» партиясы 340 адамға, 50 мың теңге көлемінде көмек бергендігін және 71 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілгенін айтты. Осындай қиын сәтте халыққа жәрдемдескен «Nur Otan» партиясының бастамашылдығын тілге тиек ете отырып, «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің өркендеуіне және әрбір қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуына жұмыс істей алатынына сендірді. Сондықтан, бұл партияның мақсаты – айқын, нақты істер партиясы екеніне көзім жетті дей келе, үміткер іс-шараға қатысушыларды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Қайрат ЖҰМАБАЙ.
(Материалды жариялау төлемақысы «Nur Otan» партиясы Ұлытау аудандық филиалының қорынан төленді).