Нақты тапсырмалар берілді
Ұлытау ауданының əкімі Советбек МЕДЕБАЕВ «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарлама аясында аудан орталығында салынып жатқан тұрғын үй нысандарын аралады. Мақсатты сапар барысында аудан басшысымен бірге салаға жауапты орынбасары, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы жəне басқа да мамандар болды.
Аудан басшысы алдымен Ұлытау селосы Тайжан көшесінде орналасқан көппəтерлі тұрғын үй кешенінің жай-күйімен танысып, құрылыстың сапасы жəне нысанның уақытылы пайдалануға берілуіне қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
Орайы келгенде айта кетейік, бұл кешеннің 16 пəтерлі 2 тұрғын үйі пайдалануға берілген. Қалған 8 пəтерлі 2 тұрғын үй қолданысқа алдағы уақытта тапсырылады деп жоспарлануда.
Жұмыс сапары барысында Советбек Тұрсынұлы Жамбыл көшесіндегі 2021 жылы пайдалануға берілген көпқабатты тұрғын үйде де болды
Аудан əкімінің баспасөз қызметі.