МРТ: ҚАШАН және КІМГЕ ТЕГІН?
МӘМС жүйесі енгізілген сәттен бастап медициналық қызметтер саны және оларды қаржыландыру ұлғайды, сондай-ақ КТ, МРТ және позитронды-эмиссиялық томография сияқты қымбат медициналық консультациялық-диагностикалық қызметтер қолжетімді бола түсті. Ертеректе екінің біріне тегін өтуге жолдама берілмейтін магнитті-резонанстық томография қазіргі таңда пациенттердің диагнозын ерте анықтау үшін жиі тағайындалуда. МРТ қызметін қашан және қалай ақысыз өтуге болатыны жайлы кеңірек «Orion Medicals» ЖШС жеке сервистік медициналық компаниясының өңірлік директоры Рустам Гасымовтан сұрап білдік. Естеріңізге сала кетсек, аталған медициналық ұйым Ұлытау облысындағы алғашқы 1,5 теслалы МРТ кабинетін ашқан болатын.
– Рустам Эльдарович, облыс орталығы Жезқазған қаласында МРТ кабинетін ашуға не түрткі болды?
– «Orion Medicals» медициналық орталығы нарықта 15 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Еліміздің 9 қаласында филиалымыз бар. Арысы – батыста, берісі – солтүстікте халық игілігі үшін еңбек етіп жатқан жайымыз бар. Ұлытау облысында МРТ қызметіне сұраныс барын саралай келе, денсаулық сақтау басқармасымен келіссөздер жүргіздік. Осылайша, аурухана қалашығынан МРТ кабинетін аштық.
Кабинет «General Electric» (АҚШ) шығарған ең заманауи, қуаты 1.5 Tesla MR360 МРТ аппаратымен жабдықталған. Оны Бұл – күрделі зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін жоғары сапалы жеделдетілген сканерлеуі бар заманауи томограф. Құрылғыда іштің, жамбастың, буындардың барлық түрлері, омыртқа, ми (соның ішінде МРТ ангиографиясы) және тіпті сүт безінің МРТ сияқты заманауи зерттеулердің барлық түрлерін орындауға мүмкіндік бар.
Томографиялық зерттеу аясында біз адам ағзасының қаншалықты зақымданғанын, зақымданбағанын анықтаймыз. Кейін зерттеу нәтижесіне байланысты дәрігерге қаралуға, емделуге кеңес береміз.
Біздің компанияда біліктілігі жоғары радиолог дәрігерлердің штаты жасақталған. МРТ зерттеуінің хаттамасы 1 күн ішінде дайын болады. Оны біздегі 12 маманның бірі жазады. Радиологтар қазақстандықтар ғана емес, сонымен қатар Ресей, Түркия мен Әзірбайжан елінен де барын атап өткім келеді. Күрделі клиникалық жағдайларды диагностикалаудың дәлдігін арттыру үшін онлайн консилиумдар өткіземіз.
Зерттеу жүргізілгеннен кейін 20-30 минут өткен соң пациентке кез-келген компьютерде ашып оқуға болатын зерттеу қорытындысы бар СD-диск беріледі, ал қажеттілік болса жүргізілген зерттеу суреттерін рентген пленкасымен алуға болады.
– Магнитті-резонанстық томография зерттеуі қандай ауруларға тағайындалады?
– МРТ-ға жолдама алу үшін пациент бейінді маманның кеңесін алып, тиісті көрсеткіштері болуы керек. Омыртқааралық диск грыжасы, протрузия, остеохондроз, мидың ісіктері және қабынуы, көптеген склероз, инсульт, аневризмалар, панкреатит, холецистит, неврит, тромбоз, тромбоэмболия, атеросклероз, буындар мен шеміршек аурулары, өттің толуы, абсцесс және флегмона сынды дерттерді диагностикалау мен емдеу барысында МРТ тағайындалады.
Айта өту керек, біздің аппаратта жүрек, асқазан мен өкпеге зерттеулер жүргізілмеді.
– МРТ түсу үшін қандай дайындық керек?
– Біріншіден, науқасқа дәрігердің жолдамасы қажет. Науқас тамақ ішпей келуі керек. Яғни, 5-6 сағат бұрын тамақ пен суды қабылдауды тоқтату маңызды.
Іш қуысын, жамбас мүшелерін және бүйректі тексеруден бұрын арнайы дайындық қажет. Ол үшін біз ішектерді тазартамыз. Сондай-ақ, йодқа аллергия болмауы керек.
МРТ-мен тексеру қауіпсіз болғанымен, қарсы көрсетілімдері бар пациенттер болады.
Егер денеде металл имплантанттар, сондай-ақ ішкі және ортаңғы құлақ импланттары мен кардиостимуляторлар болса, МРТ сканерлеуді жасамау керек.
Дене салмағы 120 кг-нан асатын және клаустрофобиямен ауыратындарға тексеру жүргізілмейді. Сонымен қатар жүктіліктің алғашқы айларында әйелдерге тексеруден өтуге кеңес берілмейді.
Косметиканың кейбір түрлерінде (мысалы, кірпікке арналған сүрмеде) металл қоспалары болады, бұл дұрыс және нақты зерттеу жүргізуге кедергі келтіреді, сондықтан тексеру жүргізер алдында косметиканы кетіріп тастаған жөн. Металл тістер, әдетте зерттеу сапасына қатты әсер етпейді.
МРТ зерттеуі контрастты жән контрастсыз әдісіне байланысты 15 минуттан жарты сағатқа дейін созылады. Шараның жүргізу кезінде қозғалмай жатуға тырысу керек, себебі түсіру сапасы осыған байланысты болады.
– Пациенттер қандай жағдайда МРТ-ны тегін өте алады?
– «Orion Medicals» ЖШС жеке сервистік медициналық компаниясы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізуші болып табылады. Бұл тұрғындарға біздің МРТ аппаратынан тегін өтуге мүмкіндік береді. Магнитті-резонанстық томография ТМККК аясында да, МӘМС жүйесінде де тегін жүргізіледі. Бірінші жағдайда, ол әлеуметтік маңызды аурудың диагнозы қойылған онкологиялық аурулармен, туберкулезбен, созылмалы гепатитпен ауыратын науқастар немесе динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруларға, сондай-ақ туберкулезге күдік туындаған науқастарға тағайындалады.
МӘМС жүйесінде осы зерттеу диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес, алдын ала диагноз болған кезде бастапқы диагностика мақсатында жүргізіледі. Созылмалы аурулардың өршуі кезінде де жүргізілуі мүмкін.
МӘМС жүйесінде осы зерттеуден өту үшін сақтандырылған мәртебесінің болуы маңызды екенін атап өткім келеді.
Тексеруден өту үшін пациент тіркелген емханасындағы отбасылық жалпы тәжірибелік дәрігерінен жолдама алуы қажет.
– Жоғары технологиялық зерттеуді балаларға жүргізуге бола ма?
– Біздің клиниканың ересектерге және балаларға амбулаториялық-емханалық көмекті, консультациялық-диагностикалық көмекті, диагностиканы және рентгенологиялық зерттеулерді жүзеге асыруға мемлекеттік лицензиясы және жергілікті бақылаушы органдардан рұқсат құжаттары бар. Сондықтан, балаларға зерттеу жасауымызға еш кедергі жоқ. Алайда, балаларда МРТ жүргізу мүмкіндігі баланың процедура кезінде тыныш, қозғалыссыз жату қабілетімен белгіленеді. Яғни МРТ кезінде бала толығымен қозғалыссыз жатуы керек, әйтпесе суреттер сапасыз болып шығады және диагностикалық мәні өте төмен болады.
Егер дәрігер МРТ жүргізуді ұсынса, онда ата-ана баламен сөйлесіп, оған процедураның ерекшеліктерін айтуы керек. Тексеру барысында ешқандай ауырсыну болмайтынын түсіндірген абзал.
МРТ – жүргізу кезіндегі жалғыз қолайсыздық – бұл томографтың жұмыс істеп тұрған кезінде қатты дыбыстың шығуы және платформаның аппарат арқылы өтуі кезінде кушеткада қозғалыссыз жату қажеттілігі. Қолайсыздықты азайту үшін біз жас пациенттерімізге томографтың дыбысын басатын арнайы құлаққаптарды ұсынамыз.
– Ұлытау облысының тұрғындары Сіздермен қалай байланысады?
– Біз пациенттер үшін барлық қолайлы жағдайды жасадық Біздің МРТ кабинет демалыссыз, үзіліссіз тәулігіне 24 сағат жұмыс жасайды. Жезқазған қаласы, Омаров көшесі 25 үй мекенжайында орналасқанбыз. Тұрғындардың тексеріске қатысты сауалдары болса, 8(771) 080-40-70, 8(771) 080-40-80 байланыс телефоны арқылы хабарласып, тегін кеңес алуға шақырамыз.
– Рустам Эльдарович, алтындай уақытыңызды бөліп, сұрақтарымызға жауап бергеніңізге рахмет. Ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толайым табыстар тілеймін!
Диана ОРАЗАЛИНА.