МРТ-ға КІМДЕРГЕ ТЕГІН ТҮСЕ АЛАДЫ?

МРТ-ның көмегіне жүгінетін емделушілердің саны күн өткен сайын артып келеді. Бұл жөнінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлытау облыстық филиалының директоры А.Бердыбеков мәлім етті. Жыл басынан Қор филиалы 2589 МРТ қызметі үшін 44 млн теңгеден астам қаржы аударған.

Бүгінгі күні, ең дәл және қауіпсіз диагностикалық әдістерінің бірі магнитті-резонансты томография, немесе МРТ болып саналады. Медициналық диагноз қоюда таптырмайтын медициналық қондырғы алғаш диагноз анықтау үшін ғана емес, ем қабылдап болғаннан кейін қайта түсіп, болған өзгерісті білу үшін қолданылады. Сондықтан,пациенттер тарапынан құны қымбат жоғары технологиялық қызметті тегін өту мүмкін бе деген сұрақ жиі туындайды.
МРТ-ға тегін жолдама алу үшін пациент бейінді маманның кеңесін алып, тиісті көрсеткіштері болуы керек. МРТ зерттеуі келесі ауруларға тағайындалады:
— Омыртқааралық диск грыжасы
— Протрузия
— Остеохондроз
— Мидың ісіктері және қабынуы
— Көптеген склероз
— Инсульт
— Аневризмалар
— Панкреатит
— Холецистит
— Неврит
— Тромбоз
— Тромбоэмболия
— Атеросклероз
— Буындар мен шеміршек аурулары
— Өттің толуы
— Абсцесс және флегмона
Естеріңізге сала кетсек, құны 35 мыңнан басталатын МРТ талдауы – бүгінде МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар үшін тегін негізде қолжетімді.

Өз тілшімізден.