Мопед апатынан 10 жасөспірім қайтыс болды
Жыл басталғалы елімізде мопед салдарынан 154 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 10 жасөспірім қайтыс болды. Сондай-ақ 180 адам әртүрлі дене жарақатын алған.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев айтты. Апаттың жиілеуіне мопед санының артуы мен жол ережелерін сақтамауы себеп. Құзырлы орган өкілі ата-аналарға балаларының қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға шақырды.