Әміржан (Әміртай) Смағұлұлы СМАҒҰЛОВ
Ұлытау ауданының тумасы, медицина саласының білікті маманы, еңбек ардагері Әміржан (Әміртай) Смағұлұлы СМАҒҰЛОВТЫҢ фәни-жалғаннан бақи-дүниеге аттанғанына жыл айналып келеді.
Асылтекті азамат 1935 жылы қазіргі Терісаққан ауылдық округіне қарасты Желдіадыр ауылында дүниеге келген.
Балалық шағы Ұлы Отан соғысына тұспа-тұс келген ол ересек аға-апаларымен бірге еңбекке ерте араласты. Бел жазбай еткен еңбегі лайықты бағаланып, «Тыл ардагері» мәртебесін иеленді.
Ресми еңбек жолын Қарағанды медицина институтын тәмамдаған 1960 жылы Қарағанды қаласындағы №1 клиникалық ауруханада дәрігер-терапевт болып бастаған. 1964-1970 жылдары Қарағанды облыстық ауруханасында жемісті еңбек етті. 1973 жылы жаңадан құрылған Жезқазған облысына қоныс аударып, облыстық ауруханада, қан құю станциясында басшылық қызметтерді абыройлы атқарды. Әміржан Смағұлұлының бұрынғы Жезқазған облысының медицина саласын дамытуға, жас буын дәрігер-мамандардың машығын қалыптастыруға қосқан үлесі – аса қомақты.
Қимас бауыр, ардақты әке, аяулы ата, жанашыр туыстың жарқын бейнесі мен есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.
Еске алушы: бауырлары, балалары, туыс-туғандары.
* * *
Әміржан Смағұловтың өмірден озғанына жыл толуына байланысты 2021 жылдың 27 қарашасы күні, сағат 12.00-де Жезқазған қаласы, «Сарыарқа» мейрамханасында рухына дұға бағышталып, құдайы ас беріледі.