Милад Карими үш жаттығу бойынша финалға жолдама алды

Токио Олимпиадасында спорттық гимнастикадан іріктеу турнирі аяқталып, финалға өткен спортшылар есімі белгілі болды. Олардың қатарында қазақстандық Милад Карими де бар деп жазады Olympic.kz. 

Милад Карими үш жаттығу бойынша финалға жолдама алды.

Ол гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша іріктеуде 14.766 ұпай жинап, екінші нәтиже көрсетті.

Еркін жаттығуда 8-ші орын иеленіп, финалға жолдама алды.  Сондай-ақ, көпсайыс бойынша 20-шы орынға тұрақтап, Токио Олимпиадасының финалдық кезеңіне өтті.

Осылайша, қазақстандық гимнаст үш финалда бақ сынайды.