«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды
Мәдениет және ақпарат министрі, Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева қазақстандықтарды Халықаралық отбасы күнімен құттықтады.
«Сіздерді Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде Қазақстанда 6,2 миллионнан астам отбасы өмір сүруде. Мемлекет үшін отбасын қолдау – жай ғана басымдық емес, бұл – тұрақты дамудың берік негізі. Бүгінде елімізде 112 Отбасы қолдау орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтар азаматтарға өмірлік маңызды мәселелерді шешуге көмектесіп, психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетіп отыр», – деді Аида Балаева.
Сондай-ақ «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталғанын атап өтті. Байқауға #отбасыкүні2025 және #деньсемьи2025 хештегтері арқылы отбасылық суреттеріңізді жіберіп, онлайн-челенджге қатысуға болады.