Мемлекет тірегі – саяси реформалар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВ 1-қыркүйектегі Жолдауында мемлекет тірегі – саяси реформалар екенін үлкен басымдылықпен айтып, атап көрсетіп берді. Президент Жолдаулары кейінгі 5 жылда бір-бірімен тығыз байланысты, əр жылдан бастау алған саяси жаңғыру жұмыстары үлкен экономикалық өзгерістерге толы болды.

Мемлекет басшысының саяси реформалары өте маңызды, кез-келген мəселеге ерекше көңіл бөледі. Келешек атты жаңа бағдарлама əзірлеу туралы үлкен бастама ұсынды, бұл балалардың келешектегі оқуына көмек екенін түсіндірді.

Кең көлемде инфрақұрылымдық серпіліс жасау арқылы өңірлердің дамуына жаңа тыныс беруді де тапсырды. Осындай маңызы бар мəселелер халқымыздың алға қарай ұмтылып, ерекше шабытпен өмір сүру құлшынысын арттырып, көрсетілген салалардың жүзеге асуына мүмкіндік береді.

Президент бұл Жолдауда елді алаңдатқан мəселелердің барлығына дерлік тоқталып, нақты жауабын берді. Əрбір отбасының амандығына, тұрақты жұмысына, ел тыныштығына, халықтың əл-ауқатын арттыруға, жалақы мөлшерін көбейтуге тиісті тапсырмалар берді. Мемлекет басшысы ұсынылған саяси реформалардың мемлекет тірегі екендігін ерекше атай отырып, оны іске асыру жолында барлық Қазақстан азаматтарының жаппай атсалысуының маңызды екенін қадап айтты. Бұл Жолдаудағы атап көрсетілген мəселелер мен міндеттер уақытылы орындалса, зор нəтижеге қол жеткізеріміз сөзсіз. Мақсат – айқын, міндет үлкен. Жолдауды қолдау Əділетті Қазақстанның əрбір азаматының парызы екенін есте ұстап, өз үлесімізді қосайық!

Гүлнар НЫСАНБАЕВА, зейнеткер.

САРЫСУ ауылы.