Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады
«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Мемлекет басшысына компанияның биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы айтты.
✔️ұлттық компанияның биылғы бірінші жартыжылдықтағы негізгі қаржы-шаруашылық көрсеткіштері және газ саласын реформалау жұмыстарының барысы туралы есеп берді;
✔️«QazaqGaz» ҰК» акционерлік қоғамы 2022 жылдың басынан бастап Атырау, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласында өз қаражаты есебінен сомасы 400 миллиард теңге болатын инвестициялық жобаларды іске асырғаны жөнінде баяндады;
✔️былтыр жыл басынан бері ұлттық компания халық пен бизнес үшін газ бағасын 389 миллиард теңгеге субсидиялаған. Осы кезеңде 450 мыңға жуық қазақстандық табиғи газға қол жеткізген;
✔️газ тапшылығы мәселесінің шешілуіне қатысты мәлімет берді;
✔️Бейнеу – Бозой – Шымкент магистральды газ құбырының екінші желісіне қатысты жобаның жүзеге асырылу барысы және Қытай Халық Республикасымен жаңа экспорттық келісімшартқа қол қойылуы жөнінде ақпарат берді;
✔️газ саласының орта мерзімді стратегиясын жүзеге асыру, газ өңдеу қуатын ұлғайту және елімізді одан әрі газбен қамтамасыз ету перспективалары жөнінде мәлімет берді;
✔️газдың ресурстық базасын кеңейту жұмыстары туралы баяндады: 2023 жылдың соңына дейін жаңа Анабай газ кен орны іске қосылатынын, сондай-ақ Придорожное кен орнын игеруге дайындық басталғанын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі нарыққа газ жеткізуді тұрақты түрде қамтамасыз етуге, жылыту маусымына уақтылы дайындалуға, үнемді тұтыну тұжырымдамасын енгізуге және баға белгілеу ісін реформалауға бағытталған бірқатар тапсырма берді.