Мемлекет басшысы металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Металлург күні қарсаңында отандық металлургия саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүздеген жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Атап айтқанда, 22 жұмысшы «Құрмет» орденінің кавалері атанды, 41 өнеркәсіп қызметкері ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің, 51 адам «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды.
Сонымен қатар 7 маман Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын иеленді.