Мемлекет басшысы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы туралы пікір білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі. Бір жыл бұрын елімізді түбегейлі жаңғырту үшін ауқымды реформалар ұсынғанын және оны халық қызу қолдағанын айтқан Президент 19 наурызда өткен Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауының маңызына тоқталды.
«Кеше ғана өткен Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы – бүкіл реформаларымызды алға бастайтын өте маңызды қадам. Бұл сайлау – ауқымды өзгерістердің лайықты жалғасы. Осылайша, мемлекетіміз жаңа дәуірге қадам басты. Жалпы, еліміздің жаңа саяси келбеті қалыптасты.
Тарихи сәт Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар» ,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.