Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне сұхбат берді
Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі — Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук желісіндегі парақшасында хабарлады.
«Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ғалым, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Диқан Қамзабекұлына берген кең көлемді сұхбаты «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланады.
Сұхбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалады. Сондай-ақ Президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелер айтылады», — деп жазды Берік Уәли.