Мектептерде жаңажылдық іс-шараларға ақша жинауға тыйым салынады
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі мәлім етті. Ғани Бейсембаевтың айтуынша, кез келген іс-шара көңіл көтеруге емес, балаларды тәрбиелеуге бағытталуы керек.
«Бұрын да айтқанымыздай, мектептерде ешқандай ақша жинау болмауы керек. Осы және басқа да іс-шаралар бойынша үнемі министрлік бұйрығымен тыйым салынғанын айтып келемін. Бұл жаңажылдық шыршаларға, мерекелік кештерге де қатысты. Кез келген іс-шараны ақша жинамай-ақ өткізуге болады. Әсіресе қазір барлық іс-шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жоспарланған», – деді министр.