Медицина нысандарын аралау барысы

Көпбейінді аурухана жұмысы да назардан тыс қалмады. Өңір басшысы арнайы барып орталықта жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасына мән берді, оперциялық блок жұмысымен танысты, жаңадан орнатылған медициналық құрылғыларды да көрді.
Бұдан бөлек аурухана маңындағы онкодиспансерге де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыс басшысы бұл орталықты да назардан тыс қалдырмады. Жылдамдатып көпбейінді аурухана балансына алу қажеттігін жүктеді.
Келешекте өңірде өз алдына бөлек онкодиспансер ашылады деді облыс әкімі.