ҚМДБ онлайн құрбандық шалуға арналған сайтты іске қосты
Биыл Құрбан айт мерекесінде құрбан шалу рәсімі онлайн және осыдан форматта қатар өтеді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы qurban.muftyat.kz сайтын іске қосты. Онлайн тапсырыс арқылы құрбандық малын таңдап, төлемді Kaspi QR арқылы жүргізуге болады. Қой мен ешкіні – жеке, ал ірі қара мен түйені – 7 адамға дейін бірігіп шалуға мүмкіндік бар.
Құрбандық шалғаннан кейін тапсырыс берушіге фото және бейне есеп жіберіледі.
Үкімет қаулысына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні – демалыс. Қазақстан халқы 6 маусым, жұма күні демалады.