Маска тағу міндетті емес

Қауіпті індет Ұлытау аймағында ілмегіне ілгені белгілі. Бүгін міне, сол тәжтажалдан құтылатын күн де жақындаған сияқты. Қазір елімізде карантин талабы жеңілдетілді. Бұл – қуанарлық жайт. Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақтануына байланысты ведомствоаралық комиссия бірнеше шешімдер қабылдады. Соның бірі үй жайларында бетперде тағу талабы жойылды. Себебі, қазір эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Қауіпті аймақта ешбір өңір жоқ, барлығы «жасыл» аймақта. Осы шешім аясында білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесіне рұқсат берілді. Бірақ, бұл ретте медициналық ұйымдарда маска тағу режимі сақталады. Ал, адам көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте ұйымдасқан ұжымдарда бетперде тағу ұсынымдық сипатта қалатын болды.

Ең бастысы, бүгін ашық ауада маска кию міндетті емес. Тағы бір айта кетерлігі, ПТР әдісімен зертхананың тестілеуі де міндетті болмай қалды. Дегенмен, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталғаны пандемия аяқталды деген сөз емес, оны да дұрыс ұғынған жөн. Шектеу алынғанымен сақтық шараларын ұмытуға болмайды.

Қайрат Жұмабай