Маңызды мәселе талқыланды
Кеше Ұлытау аудандық Мәдениет үйінде облыс әкімінің орынбасары Серік ШАЙДАРОВТЫҢ төрағалық етуімен «Республикалық маңызы бар «Андасай» мемлекеттік табиғи қаумалының (зоологиялық) шекарасын Қарағанды облысының аумағында кеңейту» тақырыбы аясында қоғамдық тыңдау өтті.
Маңызды мәселе талқыға түскен жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Асхат Қайнарбеков, аудан әкімі Советбек Медебаев, басқа да мүдделі мемлекеттік құрылымдар басшылары мен шаруа қожалықтарының иегерлері қатысты.
Басқосу барысында күн тәртібіне шығарылған сауалдың туындау алғышарттары туралы кең сипатты түсініктеме беріліп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, атқарылуы межеленген жобаның іске асырылу алгоритмі таныстырылды. Тиісінше, «еркін микрофон» арқылы шаруа қожалықтары иегерлерінің уәждерін тыңдауға ден қойылды. Олардың тарапынан түскен сұрақтарға жауаптар қайтарылды.
Жиын түйінінде пікірлер мен ұсыныстар хаттамаға түсіріліп, қол қойылды.
Өз тілшімізден.