Мақсаты – танымды кеңейту

«№1 Ұлытау орта мектебінде 1-4 сыныптар арасында «Мен зерттеуге үйренемін» атты ғылыми жоба өтті. Жобаның басты мақсаты – балалардың танымдық қызығушылықтарын мектеп жасынан дамыту, бала кезінен ғылыми ізденіс жұмыстарына үйрету негізінде ұйымдастырылды.

Жобаға 12 оқушы қатысты. Қазылардың әділ шешімі мен 1 сыныптар арасында I-орынды 1 «ә» сыныбынан Мырзабек Нұртөре мен 1 «б» сыныбынан Төлеубек Жансая иеленсе, II орын 1 «а» сыныбы Қаршыға Нұрисламға бұйырды.

2 сыныптар арасынан I-орынға 2 «ә» сыныбы Мақсұт Айбибі және 2 «б» сыныбынан Боранбай Елжасқа бұйырса, орыс сыныбынан 2 «в» сыныбы Крюкова Августина озып шықты. III-орынды 2 «а» сыныбы Сәдір Жұлдыз алды.

3-4 сыныптар арасынан I-орынға 3 «ә» сыныбынан Ернарқызы Айару мен 4 «а» сыныбынан Жездібек Парасат және Серік Ерасылға бұйырды. II-орынға 4 «б» сыныбынан Бақыт Дария және III-орынға 4 «ә» сыныбының оқушысы Батырланқызы Зарина иеленді.

Сайыста оқушылар өздерінің білімдері мен біліктіліктерін, шеберліктерін көрсете білді. Жобаға дайындаған жетекшілеріне алғыс айтамыз. Әр қашанда білікті де, білімді шәкірттеріңіз көп болсын.

Ләззат БАЗАРБЕКОВА,

жобаны ұйымдастырушы.