Мақсат — сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Сыбайлас жемқорлық дүниежүзінің барлық елдерінде теріс құбылыс ретінде таныс. Нағыз экономикалық гүлденуге сыбайлас жемқорлық құбылыстарын азайтқан мемлекеттер ғана қол жеткізетіні де белгілі. Себебі, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық салаларына талғамастан кері әсерін тигізеді. Ал осы құбылыстан туындайтын оның теріс салдары қоғамның ілгері әрі қарқынды дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нақты қауіп төндіреді.

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін заңнамалық база құрылған. Атап айтқанда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік органдармен лауазымды тұлғалардың әрекеттерінде тәртіпті күшейту, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту шаралары туралы» заңдар, сондай-ақ көлеңкелі экономика көлемін кішірейтуге, экономика саласында құқықбұзушылықтармен күреске бағытталған бірқатар бағдарламалар бар.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін сыбайлас жемқорлықтан туындайтын қауіптерден қорғауды қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықтың алдын алу, оны айқындау, жолын кесу, ашу, салдарын жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту арқылы мемлекеттік органдардың, лауазымды және мемлекеттік функцияларды атқаратын тұлғалармен оларға теңестірілген тұлғалардың тиімді қызмет көрсетуіне, сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі принциптерін айқындауға, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтардың түрлерін, ол үшін жауапкершіліктің шарттарын орнатуға бағытталған.

Осы мақсатта жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер мен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.

Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, барша әлемге танылғанымызға отыз жыл болды. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалармен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасымен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол — Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Мәдениет саласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу, тәртіптілікті нығайту мақсатында кітапханаларда, мәдениет үйлерінде, мекеме қызметкерлерінің жемқорлыққа қарсы көзқарасын және жемқорлыққа деген төзімсіздік жағдайын нығайту үшін және мекемедегі жемқорлыққа қарсы әрекеттер бойынша үгіт материалдарын, мемлекет қызметкерінің тарапынан жемқорлық көріністер жағдайындағы азаматтардың құқықтарын түсіндіру үшін іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.

Ұлытау ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі