Мақсат – сақтандырылмаған азаматтар қатарын азайту

“Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ұлытау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Абылайхан РАХЫМОВ халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің мамандарын бастап  Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне барды.

Алқалы жиында медициналық сақтандырудың мүмкіндіктері мен артықшылықтары, аударымдар мен жарналарды төлеу тәртібі кеңінен тарқатылып, салық саласы қызметкерлерінің сұрақтарына тұщымды жауап берілді. Сондай-ақ, болашаққа жоспар құрылды.

Алдағы уақытты Қор мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп облыстағы сақтандырылған азаматтардың үлесін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқармақ.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда Ұлытау облысында медициналық мекемелерге тіркелген 220674 тұрғын бар болса, оның 30130-ы – сақтандырылмаған. Оның ішінде 912-сі – жеке кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын азаматтар. Облыста ай сайынғы МӘМС жарнасы аударылмаған 7605 жұмыскер мен  азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатын 916 тұрғын тағы бар. Өкінішке қарай, сақтандырылмаған азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне ғана ие.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңның 31 бабына сәйкес аударымдардың және  жарналардың уақтылы аударылмаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады және төлеуші оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күн үшін (қорға төлеу күнін қоса алғанда) есепке жазылған өсімпұлмен бірге қордың шотына аударуға тиіс.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ Ұлытау облысы бойынша филиалы