Мәжіліс депутаты – Ұлытауда
Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбліғалиұлы Ұлытау ауданына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар нысандарды аралады. Сондай-ақ, ақсақалдармен кездесіп, халықты толғандырған түйткілді мәселелерді қозғап, оларды шешу жолдарын талқылады.
Халық қалаулысы жұмыс сапары барысында Жезді кентінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мектеп интернатта, «Айгөлек» балабақшасында және 100 орынға арналған спорт кешенінің құрылыс алаңында болды. Сондай-ақ, аудан орталығында салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлерге барып, құрылыс жұмыстарына қатысты өз бағасын берді.
Бұдан бөлек, аудан әкімі Советбек Тұрсынұлымен бірге Аманкелді ауылындағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектеп ғимаратына барды. Жаңғырған мектеп жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.