Мұз бетіндегі қауіпсіздік шараларын сақтайық!
Сіз қысқы балық аулауменен айналасуға шешім қабылдасаңыз, өзенге қары жоқ таза жерден ғана түсуге болады. Ең мықтысы ішінде үрлемелі дөңгелектері жоқ көкшіл немесе жасылтқым түрі бар мөлдір мұз (егер жарықтар сақина тәрізді болса онда мұз беріктігі шегіне жетті деген сөз).
Егер мұздың мықтылығы күмән тудырса, оның бетінде аяқты сырғаната басып, сақтықпен жылжыған жөн. Егер бір топ адам келе жатса олар араға 5-6 метр салып, тізбектесе жүруі шарт. Бірінші болып топтың дайындығы неғұрлым жақсы, тәжірибелі мүшесі жүргені абзал.
Мұз жарыларда шатырлайды, отырады, оның сыртқы түрі өзгереді, бетіне су шығады. Мұндай дабыл белгілері көрінсе бірден өз келген ізіңізбен, аяғыңызды мұздан айырмастан жылжып, кері қайтқан абзал.
Егер астыңыздағы мұз жарылып кетсе:
— қайткен күнде де байбалам салмаңыз, салқынқандылық танытыңыз.
— дереу жолқапшығыңызды шешіп лақтырып жіберіп, қолыңызды екі жаққа қарай созып, мұзға кеудеңізбен немесе арқаңызбен жатуға тырысыңыз;
— ауыр заттардан құтылуы керек;
— су бетінде қалуға, қатты мұзға шығу керек;
— егер мұз жұқа болса оны сындырып, қатты мұзға дейін жету керек.
Егер сіздің көмек көрсетуіңіз керек болса:
— зардап шегушіге жақындап барып оған жіптің, белбеудің, шаңғы таяқтарының, шарфтың т.б. бір шетін лақтырыңыз. Бір топ адам болсаңыздар да суға батқан адамға бір немесе аса қиын жағдайда екі адам ғана көмектеседі. Құтқару құралдары болмаған жағдайда бірінен кейін бірі тізбектеліп мұз үстіне жатып, бір-бірінің аяқтарынан ұстап, жарыққа қарай жылжып барып, зардап шегушіге көмектесуге тырысады.
Адамдардың мұз бөлініп кеткендегі іс-қимылдары:
— тыныштық сақтаңыз, байбалам салмаңыз, қайғылы жағдай туралы ойламай, жағдайды салиқалылықпен бағалаңыз:
— ұялы байланысты қолданыныз;
— мүмкіндік болса мұз үстінде бөлініп тұруға тырысыңыздар, айқайлап, қол бұлғап, мылтық атып, айналадағылар мен өтіп бара жатқандардың назарын аударыңыз;
— шелек бар болса мұздың үстіне мұз, қармақтар, жіптер салып, оған су құйып қатырып, мұзды қалыңдата беріңіз;
— азық-түлік пен жанғыш заттарды түгендеп, оларды бөліп қойыңыз;
— су болып қалса да киімдеріңізді шешпеңіздер.
Медет ИСМАЙЛОВ,
Ұлытау ауданы ТЖБ аға инженері,
азаматтық қорғау аға лейтенанты.