Мұз бетінде қолданылатын қағидалар
Егер, Сіз қысқы балық аулауменен айналасуға шешім қабылдасаңыз, өзенге қары жоқ таза жерге ғана түсуге болады. Ең мықтысы ішінде үрлемелі дөңгелектері жоқ көкшіл немесе жасылтқым түрі бар мөлдір мұздан сақтан.

Егер мұздың мықтылығы күмән тудырса, оның бетінде аяқты сырғаната басып, сақтықпен жылжыған жөн. Егер бір топ адам келе жатса олар араға 5-6 метр салып, тізбектесе жүруі шарт, бірінші болып топтың алдынан дайындығы жақсы тәжірибелі адам жүргені абзал.
Мұз жарыларда шытырлайды, отырады, оның сыртқы түрі өзгереді, бетіне су шығады. Мұндай дабыл белгілері көрінсе бірден өзіңіз келген ізіңізбен, аяғыңызды мұздан айырмастан жылжып, кері қайтқан абзал.
Егер астыңыздағы мұз жарылып кетсе, қайткен күнде де байбалам салмаңыз, салқынқандылық танытыңыз;
Онда дереу жолқапшығыңызды шешіп лақтырып жіберіп, қолыңызды екі жаққа қарай созып, мұзға кеудеңізбен немесе арқаңызбен жатуға тырысыңыз;
Әсіресе, ауыр заттардан құтылуы керек;
Ондай жағдайда, су бетінде қалуға, қатты мұзға шығу керек;
Егер, мұз жұқа болса оны сындырып, қатты мұзға дейін жету керек.
Егер, сіздің көмек көрсетуіңіз керек болса, әуелі зардап шегушіге жақындап барып оған жіптің, белбеудің, шаңғы таяқтарының, шарфтың т.б. бір шетін лақтырыңыз. Бір топ адам болсаңыздар да суға батқан адамға бір немесе аса қиын жағдайда екі адам ғана көмектеседі. Құтқару құралдары болмаған жағдайда бірінен кейін бірі тізбектеліп мұз үстіне жатып, бір-бірінің аяқтарынан ұстап, жарыққа қарай жылжып барып, зардап шегушіге көмектесуге тырысады.
Мұз бөлініп кеткендегі іс-қимылдарда не істеу керектігін білген де жөн. Ол кезде тыныштық сақтаңыз, байбалам салмаңыз, қайғылы жағдай туралы ойламай, салиқалылықпен бағалаңыз.
Әуелі ұялы байланысты қолданыныз, мүмкіндік болса, мұз үстінде бөлініп тұруға тырысыңыздар, айқайлап, қол бұлғап, айналадағылар мен өтіп бара жатқандардың назарын өзіңізге аударыңыз;
Егер, шелек бар болса, мұздың үстіне мұз, қармақтар, жіптер салып, оған су құйып қатырып, мұзды қалыңдата беріңіз;
Содан кейін азық-түлік пен жанғыш заттарды түгендеп, оларды бөліп қойыңыз. Ондайда, үстіңіз су болып қалса да киімдеріңізді шешпеңіз.
Осындай жағдайлар туындаған кезде «112» байланыс телефонына хабар жеткізу керектігін ескертеміз.
Ұлытау ауданы ТЖБ.
