Мұқтар Шаханов жұртшылықты 1 сәуір – Қазақ өнері күнімен құттықтады
Қадірлі бауырлар!
Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесіндегі 1 сәуір – Қазақ өнері күні болып белгіленген. Бұл күн қазақтың дарынды дирижері, композитор «Аққу», «Әлқисса» сынды күйлердің авторы Нұрғиса Тілендиевтің туған күніне орайластырылып таңдалды.
Кезінде Нұрғиса екеуміз бірлесіп «Әкеме» атты әнді жазған едік. Сол ән әлі күнге дейін сахнадан түспей келеді. Өнер иесіне халық тарапынан берілген бағаның үлкені осы болса керек. Қазақ өнері күні ұлтымыздың асыл қазынасын ұлықтауға бағытталған мәні ерекше күн екені даусыз. Осы атаулы күнмен қазақ өнерінің дамуына, іргеленуіне үлес қосып жүрген барлық өнер иелері мен қолөнер шеберлерін шын жүректен құттықтаймын! Ұлттық өнері ұлықталған халықтың болашағы жарқын, келешегі кемел. Қазақ өнері жасай берсін!
Мұқтар ШАХАНОВ.