Мәселелерге мән берілді
Ұлытау ауданының әкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВТЫҢ төрағалығымен кезекті кеңейтілген аппарат жиыны өтті. Бірқатар маңызды мәселелер қарастырылған басқосуға аудандық мәслихаттың төрағасы Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ, аудан әкімінің орынбасарлары, мекемелер мен бөлімдер басшылары қатысты. Кенттер мен ауылдық округтер әкімдері байланысқа онлайн-режимде шықты.
Күн тәртібіндегі «Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2022 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысы, 2023 жылдың бірінші тоқсанында атқарған және атқарылатын жұмыстары туралы» мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айна Әбілова хабарлама жасады.
Бұдан кейін Шеңбер ауылдық округінің әкімі Сағат Сұлтанов Шеңбер ауылдық округі әкімдігінің 2022 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы және 2023 жылы атқарылатын жұмыстары жөнінде есеп берді.
Қарастырылған мәселелерге ерекше мән берген, әр бағытқа қатысты әрекеттерді талдай отырып артық-кемін «таразыға тартқан» Аманжол Батырбекұлы көңілге қонымды істерді байыпты түрде бағалады. Сонымен қатар, әлі де ширата түсуді қажетсінетін тұстарын нақтылап, соған орай тапсырмалар тізбегін белгіледі.
Аппарат жиынында ағымдық сипаттағы басқа да сауалдар сарапталды. Оның ішінде, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін аудан аумағында талапқа сай өткеру шарттылықтары айқындалды. Бұған қатысты аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Кәренов пен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мүсілім Құдайқұлов есеп берді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.