МҰРАҒАТ —ХАЛЫҚ ШЕЖІРЕСІ немесе Ұлытау ауданының мемлекеттік архивінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы

Ұлытау ауданының мемлекеттік архиві архивтік анықтамалар беру, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру бойынша қызмет көрсетеді.

Архивтік анықтама — мемлекеттік архивтің заңды күші бар және оның негізінде жасалған құжаттардың іздеу деректері көрсетілген сұрау мәні туралы құжаттық ақпараты бар ресми құжаты.

Архивтік үзінді — Архив хат бланкісінде жасалған, белгілі бір фактіге, оқиғаға, тұлғаға қатысты, архивтік шифрі мен сақтау бірлігінің парақтарының нөмірлері көрсетілген архивтік құжат мәтінінің бір бөлігін сөзбе-сөз жаңғыртатын құжат.

Архивтік көшірме — архивтік шифрі мен сақтау бірлігінің парақтарының нөмірлері көрсетілген архивтік құжаттың мәтінін сөзбе-сөз жаңғыртатын көшірме.

«Архивтік анықтамалар беру, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша архивтік құжаттар негізінде тегін көрсетіледі: еңбек өтілін, жалақы мөлшерін, жасын, отбасы құрамын, білімін, марапаттауды, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударуды, ғылыми дәрежелер мен атақтар беруді, жазатайым оқиғаны, емделуде болуын немесе көшіруді, қуғын-сүргіндерді қолдануды, жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын оңалтуды, экологиялық апат аймақтарында тұруды, бас бостандығынан айыру орындарында болуды, азаматтық хал актілері туралы мәліметтерді, және (немесе) куәландырылған көшірмелері немесе мұрағаттық құжаттардан мұрағаттық үзінділер.

Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн архивтер

Мемлекеттiк қызметтi облыстық, қалалық және аудандық мемлекеттiк архивтер (көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi. Мемлекеттiк қызмет «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы және egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi

Құжаттар Мемлекеттік корпорациядан көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінгенде мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi 11 (он бір) жұмыс күні iшiнде берiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн екi немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты 5 (бес) жылдан асқан кезеңнiң құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi аяқталғаннан кейiн архив мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiн күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын мерзiмге ұзартады. Бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күн iшiнде Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушы хабарландырылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар:

  • Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнгенде:
  • жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады) және өкілеттігін растайтын құжат — заңды тұлға үшін не нотариалды куәландырылған сенімхат — жеке тұлға үшін (уәкілетті өкілі жүгінген кезде);
  • «Архивтік анықтамалар беру, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушы үшiн растауды қажет ететiн мәлiметтердi, ЖСН, пошталық мекенжайын, байланыс телефонын көрсете отырып толтырылған өтiнiш.

2) egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталына жүгiнгенде:

  • көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық-цифрлық қолымен (ЭЦҚ) немесе бір реттік паролімен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Қажет болған жағдайда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi сапалы көрсету үшiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiшке сұратылып жатқан архивтік анықтамаға байланысты тиiстi құжаттар мен материалдардың көшiрмелерiн қосып бередi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi — архивтік анықтама немесе архивтік құжаттың көшірмесі немесе архивтік үзінді не сұратылған мәліметтер архивінде сақтауда мәліметтердің жоқтығы туралы жауап немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Елдос КЕНЖЕҒАЛИ,

Ұлытау ауданы мемлекеттік архивінің архивисті.