Мұнаралар қалпына келтірілді
Аудан əкімінің тұрғындармен кездесуі кезінде көтерілген мəселелер ескерусіз қалып жатқан жоқ. Оған ел де куə. Осындай ілкімді істер Аманкелді мен Байқоңыр ауылдарында да жүзеге асырылды.
Аманкелді ауылының тұрғындарымен болған кездесу барысында аманкелділіктер ауылдағы су мұнарасының сын көтермейтіндігі жөнінде айтып, оны қалыпқа келтіруді сұраған болатын. Айтылған тілек бүгінде орындалып отыр. Аудан əкімінің тапсырмасына сəйкес, су мұнарасын жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, аудандық бюджет есебінен қаражат бөлінді. Нəтижесінде ауылда жаңадан су мұнарасы іске қосылды.
Қазіргі уақытта барлық ауыл тұрғындарына ауыз су толық беріліп отыр. Ал, жұмыстарды «Марганец» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырды. Жұмыстың сапасына ауылдықтар дəн риза.
Осындай жаңа су жинайтын мұнара Байқоңыр ауылына да қойылды. Аудан əкімінің қолдауымен аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. Жұмысты жүзеге асыруға тендер ойнатылып, оны «Ахметжанов» жеке кəсіпкерлігі ұтып алды.
Бүгінгі таңда ауыл тұрғындарына мұнара арқылы су толыққанды беріліп отыр.
Өз тілшімізден.