МӘМС: өз мәртебеңізді тексеріңіз

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мəртебеңізді бірнеше жолмен тексеруге болады.

Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы. Ол үшін мəзірде «Сақтандырылу мəртебесін тексеру» бөлімін таңдап, ЖСН енгізу қажет. Сол кезде мəртебе жəне алдыңғы 12 айдағы төлемдердің болуы туралы ақпарат пайда болады. Қосымшаны PlayMarket жəне AppStore-дан жүктеуге болады.

Телеграмм-бот @ SaqtandyryBot. Шағын бағдарламаны іске қосу үшін сілтемені ашу керек: https://t.me/ SaqtandyryBot немесе іздеу жолына атау енгізіңіз, Бұдан əрі – «Сақтандырылу мəртебесін анықтау» бөлімін таңдаңыз, ЖСН енгізіңіз. Egov.kz электрондық үкімет порталы.

Ол үшін «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударылған аударымдар жəне (немесе) жарналар сомасы туралы ақпарат беру» қызметін табу, «Қызметке тапсырыс беру» батырмасын басу, ЖСН көрсету қажет. Нəтиже 10 минут ішінде пайда болады.

Əлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайты. «Мəртебені анықтау» нүктесі оң жақта орналасқан. Соны басып , ЖСН көрсету жеткілікті. Қордың 1406 бірыңғай байланыс орталығына жүгінуге болады. Қазақстанның барлық аумағында ұялы жəне қалалық телефондардан қоңырау шалу – тегін.

 “Əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ Ұлытау облысы бойынша филиалы.