МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Ұлытау облысында 38 мәдениет және клуб үйі, 56 кітапхана, Серке Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық — драма театры, Тайжан Қалмағамбетов атындағы филармония, тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы, облыстық мәдени – сауық және шығармашылық ғылыми – әдістемелік орталығы және 4 музей халыққа қызмет көрсетеді.

Бүгін облыстың мәдениет және өнер саласында тер төгіп жүрген қызметкерлердің құрметіне салтанатты жиын ұйымдастырылып, бірқатар азамат марапатты болды.

Салтанатты жиында жерлестеріміз ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Сондай-ақ «Тайжан Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясы» КМҚК-ның әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Береке Көшенов «Мамандығына адалдығы үшін» басты номинациясы бойынша Ұлытау облысы әкімінің 1 000 000 теңге көлемінде сыйлығына ие болды.

Одан бөлек, ұлытаулық 19 өнер азаматына атаулы номинациялар бойынша 500 000 теңгелік сертификаттар табыс етілді.