Ұлытау ауданында жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс беру басталды

Ұлытау ауданында дауыс беру таңғы сағат 7:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жүргізіледі.

Республикалық референдумға Конституцияның жаңа жобасы шығарылып отыр.

Бюллетеньде «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ болады.

Оған «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек.

Ұлытау ауданында бүгін барлығы 25 сайлау учаскесі жұмыс істейді.