Ұлытауда Мемлекет басшысының қатысуымен «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені ашылады

Тәуелсіздік мерейтойты қарсаңында Ұлытау ауданында «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені ашылады. Салтанатты шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп жоспарлануда. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын айтты.

«Биылғы жылдың үлкен бір басты оқиғасы  Ұлт ұясы – Ұлытау өңірінде ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Жошы хан» тарихи мәдени кешенін Мемлекет басшысының қатысуымен ашуды жоспарлап отырмыз», — деді Ерлан Бейсенбайұлы.

Айта кетейік, бүгінде кешен құрылысы аяқталған. Қазіргі таңда әділет органдары нысанды тіркеу жұмыстарын жүргізуде. Ғимараттың ішкі безендірілуі ғылыми тұжырымдама мен ішкі интерьер дизайн жобасына сәйкес жүргізілген.

Жобаның жалпы құны 2 081 281,53 мың теңгені құрады.  Шарт жалпы сомасы 1 960 686,0 мың теңгеге жасалды.