ҰЛЫТАУ: Самаладай жарқыраған көшелер

Ұлытау ауданы аумағында көз сүйсініп, көңіл тояттайтын жағымды жаңалықтар әр күн сайын орын алуда десек, болған істің бояуын қалыңдатқанымыз емес, ақиқаты солай! Айталық, бүгінгі күні аудан орталығындағы көшелердің күндізгі келбеті қаншалықты көрікті болса, түнгі көрінісі де соншалықты тартымды.

Ұлытау селосындағы бірнеше көшенің жарық беру қондырғылары жаңартылып, жаңа шамдар орнатылды. Орталық көшелер санатындағы Аманкелді, Сәтбаев, Бұлқышев көшелері бойындағы бағандардың сымдары жаңадан тартылып, шамдары ауыстырылды. Ал, Абай көшесі мен Тасбұлақ бағытындағы «Таңбалы тастар» аллеясына қапталдаса орнатылған ерекше үлгідегі бағандарға күн сәулесінен қуат алатын шамдар салынды. Аудан орталығын ажарлы ете түсу мақсатындағы жұмыстар үздіксіз жүргізіліп келеді.

Бұлардан тысқары, Ұлытау ауылдық округіне қарасты Айыртау және Талдысай елді мекендерін жарықтандыру жайы – келер күндердің үлесінде. Сонымен қатар, аудан орталығына іргелес Қызыл үй елді мекенін жарықтандыру мәселесі де күн тәртібінде тұр.

Өз тілшімізден.