Ұлытау облысының жастарына жаңа мүмкіндік
«ZhasProject» жобасы жастардың бастамаларын қолдауға грант бөліп жатыр.
Жобаның жалпы бюджеті – 63 млн.тг., тиісінше 63 грант табысталады.
Конкурсқа 18-29 жастағы жастар қатыса алады.
Әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға ниетті жастардың өтініштері 10 тамызға дейін қабылданады.
Құжаттар тізбесі мен шарттары қарапайым. Нақты шарттарын www.zhasproject-karaganda.kz және JasPro telegram bot сілтемелері арқылы көре аласыздар.